Malim.kz
Қоғам

Екі айға шыдамаған асфальт Түркістан облысында қайта бүлінді

Алуа Әшірбекова
Фото: Qazaq Today

Түркістан облысының Келес ауданында жуырда ғана жөнделген республикалық маңызы бар жолдың екі айға жетпей бүлінуі тұрғындардың наразылығын тудырды,  деп хабарлайды Malim.kz, Qazaq Today-ға сілтеме жасап.

Абай ауылынан Жетісайға қарай, Лесбек батыр елдімекеніне жетпей, "Яллама" өткізу пунктіне апаратын жолдың кей бөліктері ойылып, шұңқырлар пайда болған.

Тұрғындардың айтуынша, жолға асфальт төселгеніне небәрі бір айдай уақыт өткен. Соған қарамастан, қазір кей учаскелерінің жағдайы сын көтермейді.

Аталған жол арқылы Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иран бағытындағы көліктер қатынайды. Жүргізушілер жолдағы шұңқырларды айналып өтуге мәжбүр.

Жол республикалық маңызы бар нысан болғандықтан, тұрғындар жауапты органдардан жөндеу сапасына назар аударып, тиісті шара қабылдауды талап етіп отыр.

Миллиондаған теңге жұмсалатын жолдың аз уақыттың ішінде қайта бүлінуі жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты сұрақ туғызды.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары