Malim.kz
Әлем

Ер адам 17 жастағы қызды өзінің шошқаларына жем қылып, 23 жылға сотталды (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
Carsten Koall / Getty Images

Краснояр өлкелік соты 17 жастағы бойжеткенді өлтіруге қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Айыпталушы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Краснояр өлкесі соттарының бірлескен баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Газета.Ru басылымының жазуынша, қайғылы оқиға ер адам мас күйінде жұмыс берушісінің үйіне келген кезде болған. Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, ол үй иесімен есеп айырысуды көздеген, алайда ол үйде болмаған.

Үйде оның кәмелетке толмаған қызы қалған. Тергеу барысында айыпталушының бойжеткенге шабуыл жасап, ауыр жарақаттар салғаны анықталды. Кейін ол қылмыс ізін жасыру мақсатында жәбірленушіні ауладағы шаруашылық құрылысына апарған. Сол жерде жануарлар қыздың сан артериясын шайнап тастаған, салдарынан бойжеткен көз жұмған.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Процесс барысында айыптау тарапы ұсынған дәлелдер зерттеліп, куәлар мен сарапшылардың көрсетулері тыңдалды. Нәтижесінде алқабилер сотталушыны бірауыздан кінәлі деп танып, оған жеңілдік жасауға болмайды деген қорытындыға келді.

Сот алқабилердің үкімін және қылмыстың ерекше ауырлығын ескере отырып, ер адамды 23 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясына қамау жөнінде шешім шығарды. Сондай-ақ сот марқұмның туыстарына 6,1 миллион рубль көлемінде моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары