Malim.kz
Қоғам

Яна Легкодимованы өлтіргендер «Қара бүркітке» жіберілді

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сотталғандар «Қара бүркіт» колониясына этаппен жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов бұған дейін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Алайда соңғы уақытқа дейін олар Атыраудағы №75 тергеу изоляторында болған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, этаптау белгіленген тәртіпке сай жүргізілген.

ҚАЖ дерегіне сәйкес, сотталғандар жазасын өтеу орнына 19 сәуір күні таңертең жөнелтілген. Бұл – өмір бойына сотталғандарға арналған арнайы мекеме.

Аталған резонансты іс бойынша үкім өткен жылдың қараша айында шыққан. Сот екі айыпталушыға да төтенше қауіпсіздік колониясында ең қатаң жаза тағайындаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары