Malim.kz
Қоғам

ІІМ жаңа паспорттың суреттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан
Фото: Threads/bazablankwear

Әлеуметтік желідегі Threads платформасында Қазақстан азаматы паспортының жаңа дизайны ретінде тараған суреттер қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі аталған бейнелердің ресми жоба да, жұмыс нұсқасы да емес екенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, жарияланған эскиздер мемлекеттік органдар әзірлеген құжаттарға қатысы жоқ және жаңа паспорттың дизайнын көрсетпейді.

Сонымен қатар, министрлік Қазақстан паспортының жаңа макетін әзірлеу жұмыстары шынымен жүргізіліп жатқанын растады. Алайда түпкілікті дизайн бекітілгеннен кейін ғана ресми түрде жарияланатыны айтылды. Қазіргі уақытта ешқандай эскиз немесе макет көпшілікке ұсынылмаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары