Malim.kz
Әлем

«Орталық Азия» енді «Түркістан» деп аталмақ

Ереке Базарқұл
© Красная Весна

Түркия Орталық Азия өңіріне қатысты «Түркістан» атауын қолдануды күшейтіп, бұл терминді мектеп пен жоғары оқу орындарының оқу материалдарына енгізуді жоспарлап отыр. Бұл қадам елдегі географиялық-тарихи терминологияны қайта қарау аясында іске асырылмақ. Бұл туралы exclusive.kz басылымы Bright Uzbekistan ресурсына сілтеп жазыпты.

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда «Орталық Азия» (Orta Asya) атауын «Түркістан» (Türkistan) терминімен алмастыру қарастырылып отыр. Білім беру саласының өкілдері бұл ұғым жай ғана атау ауыстыру емес, мазмұн мен ұстаным тұрғысынан да нақты міндетке бағынуы керектігін атап өткен.


Пайдалы: Таксиден былай үнемдеуге болады...


Тарихшылардың бір бөлігі аймақтың дәстүрлі атаулары уақыт өте сырттан орныққан ғылыми-саяси терминдермен ауысқанын айтады. Мәселен, «Орталық Азия» ұғымы ғылыми айналымда XIX ғасырда кең тарай бастапты: неміс ғалымы Александр фон Гумбольдт 1843 жылы шыққан еңбегін «Asie centrale» («Орталық Азия») деп атаған.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары