Malim.kz
Қоғам

Польшада тұтқындалған Қазақстан азаматы бостандыққа шықты

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы 28 сәуір күні бостандыққа шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл нәтижеге Қазақстан тарапынан жүргізілген жүйелі дипломатиялық жұмыс ықпал еткені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесін тұрақты түрде назарда ұстап келеді.

Мемлекет басшысы таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі елдің конструктивті ынтымақтастығына алғыс білдірді. Сондай-ақ оң шешімге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей Президенті Владимир Путинге де ризашылық айтылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке де Польша тарапының байыпты және сындарлы ұстанымы үшін алғыс білдіріп, оларға хат жолдайтынын жеткізді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары