«Қазаэронавигация» РМК еліміздің жетекшіавиатасымалдаушылары –
«Air Astana» және «SCAT» компанияларыменстратегиялық ынтымақтастық туралы шартқа қолқойды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
Мұндағы негізгі мақсат – ҚазақстанРеспубликасындағы әуе қозғалысы қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін ұшқыш пенавиадиспетчер арасындағы өзара байланысты нығайту.
Бұдан бөлек, шарт шеңберінде авиадиспетчерлерстандартты емес және авариялық жағдайлар үлгісін көрсететін толық функционалды авиациялықсимуляторда (FFS - Full Flight Simulator) ұшқыштардың жаттығуларына қатысады. БұлҚазаэронавигация мамандарына ұшқыштардың қатты стресс жағдайында жедел әрекет етуге арналған іс-қимыл алгоритмдерін тереңірек зерделеуге, сондай-ақ тараптар арасындағы жалпыөзара іс-қимыл деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Бұл жай ғана келісім емес, бұл қауіпсіздік мәдениетіне жасалған инвестиция. Ынтымақтастығымыз артқан сайын ұшу қауіпсіздігі де арта түспек. Авиадиспетчерлер мен ұшқыштар арасындағы мұндай өзара іс-қимыл еліміздің бүкіл азаматтық авиация жүйесіне оң әсерін тигізетініне сенімдіміз», - деп атап өтті өз сөзінде «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов.
Өзара іс-қимылдың жаңа форматы өзара байланыс орнату кедергілерін жойып, операциялық қателер қаупін азайтады, ұшу барысындағы ақпарат алмасу жылдамдығы мен дәлдігін арттырады.
Айта кетейік, 2024 жылы еліміздің әуе кеңістігінде "Қазаэронавигация" РМК мамандары 446 106 рейске қызмет көрсетті, оның ішінде 111 850 қазақстандық және 334 256 шетелдік авиакомпания.
Фото: Қазаэронавигация