Қорғаныс министрлігі биыл елімізде әскери шеру өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның орнына әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Атап айтқанда, батылдық сабақтары, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді марапаттау, экологиялық акциялар, әскери оркестрлер шеруі және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі жоспарланған.
Сонымен қатар, техника мен қару-жарақ көрмесі, «сарбаз ботқасы» акциясы және ашық есік күндері өтеді.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда әскери шеру тек мерейтойлық даталарда ғана ұйымдастырылады.