Malim.kz
Қоғам

Қазақстандықтар Telegram-дағы ақауларға шағымданды

Айбын Атабай

Бүгін, 13 тамызда Қазақстанның кей өңірлеріндегі тұрғындар Telegram мессенджерінің жұмысында ақау пайда болғанын айтты, деп хабарлайды  Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Detector404 порталының мәліметінше, мессенджерге қатысты шағымдар шамамен сағат 11:25-тен бастап түсе бастаған.

Ақаулар туралы хабарламалар негізінен Астана, Қарағанды және Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарынан келген.

Шағымдардың 53,5 пайызы iOS құрылғыларын пайдаланушыларға тиесілі. Қолданушылар Telegram арқылы хабарламалардың жіберілмей жатқанын, медианың жүктелмейтінін және желіге қосылуда қиындық туындағанын айтқан.

Қазіргі таңда Telegram жұмысындағы ақаудың нақты себебі белгісіз.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары