26 қараша күні Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу сағат 22:00-ден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Malim.kz.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, шектеу "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" республикалық автожолының 108-333 шақырым аралығын қамтиды. Аталған учаскенің жалпы ұзындығы – 225 шақырым.
Қай жолдарда қозғалыс шектеледі?
Шектеу екі облыстың аумағындағы жол учаскелеріне енгізіледі:
- Ақтөбе облысы: 108-200 шақырым аралығы, Қобда ауылы мен Батыс Қазақстан облысының шекарасы;
- Батыс Қазақстан облысы: 200-333 шақырым аралығы, Ақтөбе облысының шекарасынан Жымпиты ауылына дейін.
Ауа райының нашарлауына байланысты аталған жолдарда жүк көліктерінің, қоғамдық көліктердің және жазғы шиналармен жабдықталған автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Тағы да оқыңыз: Ақтөбе облысында республикалық тасжолдың бір бөлігі жабылады: шектеу кімдерге қатысты?
Жол қашан ашылады?
Алдын ала жоспар бойынша, көлік қозғалысы 27 қараша күні сағат 09:00-де қайта ашылады.
Алайда жолдың нақты ашылу уақыты ауа райы мен жол жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.
Жүргізушілер нені білуі керек?
Осы бағытта жол жүруді жоспарлаған азаматтарға сапар алдында қозғалысқа қойылған шектеулер туралы ақпаратты нақтылау ұсынылады.
Жолдардың қазіргі жағдайы және қозғалыстың қайта ашылуы туралы мәліметті 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады. Орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Сондай-ақ жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, көліктің техникалық жағдайы мен шиналарының маусымға сәйкестігін тексерген жөн.