Malim.kz
Қоғам

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

Malim Админ

9 мамырда Байқоңыр қаласында Жеңіс күніне арналған шеру өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған. Бұл тізімде 9 мамырда сағат 10:00-де қаладағы Ленин алаңында Жеңіс шеруі өтетіні туралы жазылған.

Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери шерулер өткізілмейтінін мәлімдеген болатын.

Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды, - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Malim Админ
Автордың басқа материалдары