Malim.kz
Қоғам

«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

Malim Админ

Ауданы 500 шаршы метрден асатын концерт залдары, ірі сауда орталықтары, барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандары, яғни көп адам жиналатын нысандар терактіден қорғауды қажет ететін ғимарт ретінде саналады. Осы нысандардың барлығын қосымша тексереміз. Бұрын тексеріліп, тиісті нұсқау берілген болса, сол нысандарда бақылау жұмыстарын атқарамыз, - деді Лепеха.

Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары жыл басынан бері Қазақстанға өтпек болған 10 қылмыскер саусақ ізі арқылы анықталғанын айтты.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда елге келетін шетелдіктердің міндетті түрде дактилоскопиялық таңбалары енгізілді, қазір ол жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасына өтпек болған 10 қылмыскер саусақ ізі арқылы анықталды, - деді Лепеха.

Фото: gorod24.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары