Malim.kz
Қоғам

“Сағатына 2 шақырымға жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл“: ІІМ ақпаратқа жауап берді

Айбын Атабай
depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде жүргізушілерге жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынады деген видео тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі бұл хабарламаларға жауап берді.

ІІМ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, әкімшілік жауапкершілік бұрынғыша жылдамдықты сағатына 10 шақырым және одан жоғары асырғанда ғана туындайтынын мәлімдеді. Яғни, жылдамдықты асыру шегі төмендетілмейді.

Сонымен қатар видео авторы әлдеқашан әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Азаматтардан ресми ақпарат көздеріне сүйенуді және тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Қазақстанда шын мәнінде не өзгереді?

Дегенмен өзгерістер бар, олар 8 мамырдан бастап күшіне енеді, бірақ тек камералардың жұмысына - олардың дәлдігі мен жылдамдықты өлшеу кезіндегі рұқсат етілген қателіктеріне қатысты болмақ.

Сонымен, бұйрыққа сәйкес, камераларда келесі қателіктерге жол беріледі:

Жылжымалы спидометрлермен көлік құралдарының жылдамдығын (сағатына шақырым) өлшеуСағатына 20 шақырымнан 250 шақырымға дейін± сағатына 2 шақырым

Стационарлық спидометрлерді пайдаланып көлік құралдарының жылдамдығын (сағатына шақырым) өлшеуСағатына 20 шақырымнан 250 шақырымға дейін± сағатына 2 шақырым

Рульдік басқару жүйесіндегі жалпы айналымды өлшеу 0 ° бастап 30 °дейін± 1 °

Алдыңғы терезелерінің жарық өткізгіштігін өлшеу0 пайыздан бастап 70 пайызға дейін± 2 пайыз

Шиналардың қалған протектор биіктігін өлшеу0-ден 150 миллиметрге дейін± 0,01 миллиметр

Шығарылған газдардағы компоненттердің концентрациясын өлшеу- Көлемі бойынша 0-ден 5 пайызға дейінгі COАбсолютті ± 0,03 пайыз Салыстырмалы ± 5 пайыз

- Көлемі бойынша 0-ден 16 пайызға дейінгі CO2

- Көлем бойынша 0-ден 21 пайызға дейінгі O2Абсолютті ± 0,1 процента Салыстырмалы ± 5 процента

Абсолютті ± 10 млн-1 Салыстырмалы ± 5 процентов

Стационарлық спидометрлерді пайдаланып көлік құралдарының орташа жылдамдығын (сағатына шақырым) өлшеуОрташа жылдамдықты есептеген кезде сағатына ± 2 километр

Стационарлық аппараттық және бағдарламалық жүйелердің бақыланатын аймағын (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін танудың ең жоғары диапазонын) өлшеу10-нан 100 метрге дейін± 1

Аппараттық және бағдарламалық жүйелердің орналасу координаттарын өлшеуШектеусіз± 10 метр

Шығыңқы нүктелер мен жол белгілері арқылы стационарлық аппараттық және бағдарламалық жүйелерді пайдалана отырып, көлік құралдарының өлшемдері арасындағы қашықтықты өлшеу0-ден 5 метрге дейін± 0,5 метр

Уақытты синхрондау қатесін өлшеу Шектеусіз± 2 секунд

Мобильді аппараттық және бағдарламалық жүйелердің бақыланатын аймағын (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін танудың ең жоғары диапазонын) өлшеуШектеусіз± 1 пайыз

Бұл жерде аталған қателіктердің басым бөлігі жаңалық емес екенін түсіндіре кеткен жөн. Олар бұрын да қолданыста болған. Тек кейбір тармақтар ғана өзгерді. Мысалы, БАК (бағдарламалық-аппараттық кешен) орналасқан жерінің координаттарын өлшеуде бұрын қателік 5 метр болса, енді 10 метр болып белгіленді.

Басқаша айтқанда, Қазақстанда жол камераларының техникалық сипаттамалары нақтыланып жатыр, бірақ бұл айыппұлдарға ешқандай әсер етпейді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары