Malim.kz
Қоғам

"Шаңырағыма оралдым": Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қазақ тілінде тілегін айтып, ел алдына шықты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
Gregory Shamus/International Skating Union via Getty Images. Суретте: Михаил Шайдоров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров туған қаласына оралып, жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Михаил Шайдоров Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақ тілінде жазба жариялап, өзін қолдаған барша жанға алғысын жеткізді.

"Туған қалама, өз шаңырағыма оралдым. Қарсы алып, ықылас білдірген барша жанға шынайы алғысымды айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз бен жылы лебіздеріңізді сезіндім. Рақмет саған, Алматы", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тарихи жеңіс қалай келді?

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан спорты үшін айрықша кезең болды. Бұл додада 21 жастағы алматылық спортшы ел тарихына жаңа алтын парақ қосты.

Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров бесінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада ол нағыз сенсация жасап, ультра-си деңгейіндегі күрделі элементтерді мінсіз орындады.

Бағдарлама барысында ол:

Еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинаған қазақстандық спортшы екі бағдарлама қорытындысында 291,58 ұпайға ие болып, жеке рекордын жаңартты. Осы нәтижемен ол Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл жеңіс Қазақстанға 2018 жылдан бергі алғашқы қысқы Олимпиада медалін әкелді.

Қазақстан тарихындағы екінші алтын

Шайдоровтың алтын медалі – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші қысқы Олимпиада алтыны.

Бұған дейін 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов чемпион атанған еді. Араға 32 жыл салып, Қазақстан қысқы Олимпиадада тағы да ең биік тұғырға көтерілді.

Қысқаша өмірбаяны

Михаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Оның спорттық жетістіктері:

Ал 2026 жылы ол Қазақстан тарихындағы ең жас қысқы Олимпиада чемпиондарының бірі атанып, ел спортының жаңа символына айналды.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары