freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Үйімнің алдына асфальт төсеп жатыр": Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Спорт
"Үйімнің алдына асфальт төсеп жатыр": Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Михаил Шайдоров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Qazsport телеарнасына берген сұхбатында өзі туралы ең күлкілі және ең әсерлі мемдер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортшының айтуынша, тарихи жеңістен кейін оған келген құттықтаулардың саны соншалық – бәрін оқып үлгеру мүмкін болмаған. Дегенмен кейбір жазбалар оны жылатса, енді біреулері ішек-сілесін қатырып күлдірген.

"Ең күлкілі мем – мен қолыммен бетімді жауып отырған суретіме "Үйдің қасына асфальт төсейтінін енді түсінген кезде" деп жазыпты. Күлкілі болды. Өте ұзақ күлдім", – дейді Шайдоров.

Бұл әзіл 2024 жылы Париж Олимпиадасында дзюдошы Елдос Сметов алтын алғаннан кейін оның үйінің алдына асфальт төселген оқиғаға ишара екені белгілі.

Тарихи алтын қалай келді?

2026 Winter Olympics Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан спорты үшін тарихи сәтке айналды.

Қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрған Михаил Шайдоров еркін бағдарламада нағыз сенсация жасады. Соңғы топта өнер көрсеткен ол ультра-си деңгейіндегі күрделі элементтерді мінсіз орындады:

  • үштік аксель – ойлер – төрттік сальхов каскады;
  • төрттік лутц;
  • төрттік флип;
  • екі төрттік тулуп (оның бірі үштік тулуппен каскадта),
  • тағы бір таза үштік аксель.

Еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинаған қазақстандық спортшы екі бағдарлама қорытындысында 291,58 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты.

21 жастағы Шайдоров Олимпиада чемпионы атанып, Қазақстанға 2018 жылдан бергі алғашқы қысқы Олимпиада медалін сыйлады.

Қазақстан тарихындағы екінші алтын

Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші қысқы Олимпиада алтыны.

Бұған дейін 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасында Владимир Смирнов шаңғы жарысынан чемпион атанған болатын. Осылайша, араға 32 жыл салып Қазақстан қысқы Олимпиадада тағы да алтын медаль иеленді.

Қысқаша өмірбаян

Михаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Спорттық жетістіктері:

  • 2022 жыл – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • 2025 жыл – Бостондағы ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
  • Төрт құрлық чемпионатының жүлдегері;
  • Харбиндегі Азия ойындарының жүлдегері;
  • Ал 2026 жылы ол Қазақстан тарихындағы ең жас қысқы Олимпиада чемпиондарының бірі атанды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу