Malim.kz
Қоғам

Шахмұрат Мүталіп ERG-дегі Машкевич пен Шодиевтің үлестерін сатып алды – БАҚ

Арман Қайыпхан
Фото: ҚБФ

Кәсіпкер Шахмұрат Муталип Eurasian Resources Group (ERG) компаниясындағы Александр Машкевич пен Патох Шодиевтің үлестерін сатып алды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Мүталіп ERG-дегі Машкевич пен Шодиевтің үлесін сатып алды», – деп хабарлады дүйсенбі күні жағдайдан хабардар дереккөз КазТАГ агенттігіне.

Редакция Integra Construction KZ компаниясына түсініктеме алу үшін сауал жолдаған.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Glencore Plc компаниясы Kazzinc Ltd.-тегі өз үлесін Мүтәліпке сату бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары