Integra Construction KZ құрылыс тобының иесі, кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп алтын өндіруші Алтыналмас компаниясын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, кәсіпкер параллель түрде Казцинк компаниясын Glencore-ден сатып алу, сондай-ақ Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының 40 пайыз үлесін иелену жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Егер «Алтыналмас» бойынша мәміле жүзеге асса, бұл Мүтәліптің «Казцинк» пен ERG-дегі үлесті сатып алу ықтимал келісімдерінен кейінгі үшінші ірі сатып алуы болуы мүмкін. Әзірге компания толық сатып алына ма, әлде тек үлесі ғана алынатыны нақтыланбаған.
Материалда кәсіпкердің бұл жобаға қаржы тарту үшін әлеуетті кредиторлармен байланыс орнатқаны да айтылған.