Malim.kz
Әлем

Сергей Лавров Тоқаевпен келіссөздерде төбе көрсетпеді

Ереке Базарқұл
© ВЕДОМОСТИ / vedomosti.ru

Бұл туралы TV Rain басылымы хабарлады. Басылымның мәліметінше, келіссөзде Ресей делегациясында Лавровтың орнына оның орынбасары Михаил Галузин болған.

Журналистер Лавровтың Путиннің қырына іліккені туралы алып-қашпа әңгімелер шыққалы, осымен екінші рет атаулы жиында жоқ болып шығып отырғанына назар аударады. Мұндай деңгейдегі кездесулерде Лавровтың өзі болуы тиіс екен.

Есіңізге сала кетсек, Ресейде 5 қараша күні қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен болатын. Мұндай айтулы жиында Лавровтың жоғы бірден назар аудартты. Кремль пулының журналисі бұл туралы "Лавровтың болмауы алдын ала келісілген" деген ақпар берген. Бірақ, Лавровтың келмеу себебін айтпады. Ал Faridaily басылымы Лавров іссапарда жүргенде болмаса, бұрын мұндай маңызды отырыстардан қалмағанын аңдапты.

Бұрын жазғанымыздай, Лавров - Трамп пен Путиннің Венгрияда болатын келіссөздерін бүлдіріп алғаны үшін Путиннің қырына ілікті деген сыбыс тарады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары