Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Дипломатия қасқыры" Путиннің қырына іліккен бе?

Әлем
"Дипломатия қасқыры" Путиннің қырына іліккен бе?
© The Moscow Times

Ресей Федерациясының қауіпсіздік кеңесінің жиынында - осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың болмауын әлемдік БАҚ сан-саққа жүгіртіп жатыр.

The Moscow Times басылымы оның мұндай маңызды жиында болмауының себебі - Путиннің қырына ілінуінде деп жазады.

Басылымның пайымдауынша, Путин Лавровты Трамппен Венгриядағы келіссөздердің болмай қалуына кінәлі деп есептейді. Путин мен Трамп Венгрияда кездесу ықтималдығы жоғары кезде, Ресей сыртқы істер министрі Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың арасында әңгіме болған. Сол әңгіме кезінде Лавров тым кетіп, болайын деп тұрған кездесуді болдырмай тастағанға ұқсайды.

Бұған қоса, рәсім бойынша әдетте Лавров бастап баратын G20 жиынына басқа біреу сайланды. Ендеше, қауіпсіздік кеңесінде Лавровтың болмауы алдын ала келісілген және Путин Лавровты көрінеу шеттетіп жатыр деп түйіндейді The Moscow Times.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу