Malim.kz
Қоғам

Сталкинг қанша қоңыраудан кейін басталады?

Айбын Атабай
BAQ.kz

Елімізде сталкингті құқықтық тұрғыдан реттеудегі басты мәселелердің бірі – адамның қарым-қатынас орнату еркіндігі мен жеке өмірге қол сұқпау құқығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева айтты. 

Оның сөзінше, қазіргі таңда құқық қолдану тәжірибесі жауап беруі тиіс негізгі сұрақтардың бірі – табандылық пен қудалаудың арасындағы шекараны анықтау.

Табандылық қай жерде аяқталып, қудалау қай жерде басталады? Қанша қоңыраудан кейін? Қанша хабарламадан кейін? Адам бас тартқаннан кейін қанша рет байланысу әрекеті жасалса, ол сталкинг болып есептеледі? Бұл сұрақтардың жауабын заңда толық жазып шығу мүмкін емес, – деді депутат. 

Дементьеваның айтуынша, сталкингтің ерекшелігі – оның бір реттік әрекет емес, жүйелі түрде қайталанатын әрекеттер жиынтығы болуы.

Бір қоңырау, бір хабарлама, бір пікір қалдыру өздігінен елеусіз көрінуі мүмкін. Бірақ қауіп дәл осы әрекеттердің жүйелі әрі қайталанатын сипатынан туындайды. Нәтижесінде адам өзін қауіпсіз сезінуден қалады, – деді ол.

Депутаттың пікірінше, мұндай жағдайда жәбірленуші өмір салтын өзгертуге мәжбүр болады: бағытын ауыстырады, телефон нөмірін өзгертеді, әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшіреді.

Сондай-ақ ол цифрлық дәуірде сталкинг мәселесінің өзектілігі артқанын атап өтті. Егер бұрын қудалау көбіне жеке бақылау немесе тікелей байланыспен байланысты болса, қазір оның едәуір бөлігі интернет кеңістігіне көшкен.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары