Malim.kz
Қоғам

Сүйінші, ағайын! Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа уәде еткен көлігін сыйлады (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
SN.kz

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, оған жаңа автокөлік сыйлады, деп Malim.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі спортшыны елге аман-есен оралуымен құттықтап, көлікті тек өзінің емес, чемпионның жеңісіне қуанып, мерейі үстем болған барша қазақстандықтардың атынан табыстағанын айтты.

"Мишабай, елге аман жетуіңмен! Өз атымнан ғана емес, сенің жеңісіңе шаттанған барша халқымыздың атынан уәде еткенімдей көлік сыйладым. Саған зор денсаулық, күш-қуат және жаңа рекордтар тілеймін", – деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, бұған дейін әнші спортшының тарихи жеңісінен кейін автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген еді. Жуырда сол уәдесін жүзеге асырып, чемпионға заманауи үлгідегі жаңа көліктің кілтін табыстады. Көліктің сыртына арнайы жазу да түсірілген.

Тарихи жеңіс

Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті. Еркін бағдарламада аса күрделі элементтерді мінсіз орындап, 198,64 ұпай жинады. Жалпы есепте 291,58 ұпайға ие болып, жеке рекордын жаңартты.

Осы нәтижемен 21 жастағы спортшы Олимпиада чемпионы атанып, Қазақстанға 2018 жылдан бергі алғашқы қысқы Олимпиада медалін алып келді. Бұл – еліміздің тарихындағы қысқы Олимпиададағы екінші алтын жүлде. Бұған дейін 1994 жылы Лиллехаммерде Владимир Смирнов шаңғы жарысынан алтын медаль жеңіп алған еді.

Шайдоров тарихи жеңістен кейін қазақстандықтарға арнайы үндеу жолдап, қолдау білдірген барша жанкүйерге алғыс айтқан болатын. Сонымен қатар Олимпиададағы алтыны үшін жұмсалған қаражат көлемі де жарияланды.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары