Malim.kz
Әлем

Танымал блогерді төрт баласының көзінше атып кеткен (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
pixabay.com

Бразилияда 26 жастағы блогер Памела Гимарайнс өз үйінің маңында қарулы шабуыл салдарынан қаза тапты, деп Malim.kz тілшісі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала ақпарат бойынша, белгісіз адам әйелдің үйінің алдына көлікпен келіп, оны сыртқа шақырған. Памела қақпаға жақындағанымен, бір сөзден кейін қайта аулаға қарай бұрылған. Дәл сол сәтте күдікті оған оқ атқан.

Қайғылы оқиға кезінде блогердің төрт баласы да жанында болғаны айтылды.

Ауыр жарақат алған Памела дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Памела Гимарайнс әлеуметтік желілерде күнделікті өмірі, сән әлемі және ана болу тақырыбындағы контентімен кеңінен танымал болған. Мәліметтерге қарағанда, оның кенже сәбиі бірнеше ай бұрын ғана дүниеге келген.

Блогердің парақшасындағы соңғы видео 25 сәуірде жарияланған. Онда: "Егер сен маған мың рет мұқтаж болсаң – мен мың рет қасыңнан табыламын…" деген жазу болған.

Қазір полиция қылмысқа қатысты тергеу жүргізіп, күдіктіні іздестіріп жатыр.

Бұған дейін Жапонияда 21 жастағы студент қыз күтпеген жағдайға тап болып, ол қарым-қатынаста болған ер адамның өзінің биологиялық әкесі екенін араға ұзақ уақыт салып білгенін жазған едік. Сондай-ақ Бангладеште әке теміржол станциясында рельске құлап кеткен бір жасар ұлын құтқарып қалған еді. Сонымен қатар Қытайда 24 жастағы Ван Ранран есімді бойжеткен үш айдан астам уақыт комада жатып, үйлену тойына санаулы күн қалғанда есін жиған болатын.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары