freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

92 күн бойы комада ес-түссіз жатқан бойжеткен үйлену тойына 2 күн қалғанда оянды (ФОТО)

Әлем
92 күн бойы комада ес-түссіз жатқан бойжеткен үйлену тойына 2 күн қалғанда оянды (ФОТО)
istockphoto.com

Қытайда 24 жастағы Ван Ранран есімді бойжеткен үш айдан астам уақыт комада жатып, үйлену тойына санаулы күн қалғанда есін жиды. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп Malim.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалыңдықтың жігіті Чжан Сируидің айтуынша, олар алты жыл бойы кездесіп жүрген және үйлену тойын 25 сәуірге жоспарлаған.

Алайда қаңтар айында Ван тамағы ауырған соң жеке клиникаға қаралған. Дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізбестен оған екпе салған. Біраз уақыттан кейін қыздың жағдайы күрт нашарлап, тілі ұйып, тынысы тарылып, құса бастаған.

Жедел жәрдем шақырылғанымен, бойжеткен шок жағдайына түскен. Ауруханада оған тыныс жетіспеушілігі мен миға оттегі жетпеуі салдарынан ауыр асқынулар диагнозы қойылған.

Кейін анықталғандай, инъекцияны медициналық білімі жоқ адам жасаған, ал ем тағайындаған дәрігердің лицензиясы болмаған. Оқиғадан кейін клиника жабылып, отбасыға 200 мың юань көлемінде өтемақы төленген.

Ван Ранран үш айдан аса уақыт комада жатқан. 23 сәуір күні ол алғаш рет көзін ашып, жігітіне жымиған. Дегенмен, оның сөйлеу және қозғалу қабілеті әлі толық қалпына келмеген.

Жігіті бұл істің әділ қаралуын талап етіп, сот процесін соңына дейін жалғастыратынын айтты.

Бұған дейін Жапонияда 21 жастағы студент қыз күтпеген жағдайға тап болып, ол қарым-қатынаста болған ер адамның өзінің биологиялық әкесі екенін араға ұзақ уақыт салып білгенін жазған едік. Сондай-ақ Бангладеште әке теміржол станциясында рельске құлап кеткен бір жасар ұлын құтқарып қалған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу