Malim.kz
Қоғам

"Тұрсынбекті бір жарым жылдан кейін алғаш рет көрдім": Мөлдір Мұқан елден жасырған құпиясын ашты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
SN.kz коллажы

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан бұрынғы жары Тұрсынбек Қабатов туралы алғаш рет ашық пікір айтты, деп Malim.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі сұхбат барысында тұңғыш қызы Әдеміні бұрынғы жұбайымен бірге қарсы алғанын жеткізді. Сонымен қатар, қыздары сыйлаған 501 ақ раушан гүлдің артында да Тұрсынбектің тұрғанын жасырмады.

"Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам айтпай қойды. Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті 1 жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Амандастық. Сәлеміміз түзу болды", –деді өнер иесі. 

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік пікір білдіріп, әншіге қолдау көрсеткен. Кейбірі оған жақсы адам жолығуын тілесе, енді бірі өткенге оралмауға кеңес берді.

"Тұрсын сияқты мықты біреу жолықсын", "Құрсыншы ары! Одан да жақсы жігіт тауып ал!", "Алла қаласа бәрі жақсы болады", "Қадіріңді білмегенге қарауға да тұрмайды", – деп жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовпен ажырасу себептері туралы алғаш рет ашық айтып, бұл шешімнің қалай қабылданғанын бөліскен еді. Ол бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында баяндаған.

"Он төрт жыл бойы бірге болуымыздың себебі – үзілмеген үміт еді. Бес балам бар, сондықтан отбасыма сызат түскенін қаламадым. Бір күні Тұрсынбектен "Енді не істейміз, ажырасамыз ба?" деген хабарлама келді. Ол алғашқы қадамды мен жасағанымды қалағандай көрінді. Сөйтіп, арызды бірінші болып өзім жаздым", – деген еді ол.

Сонымен қатар, ол уақыт өте келе ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың суып, өзара түсіністіктің азайғанын жасырмады. 

"Маған өте ауыр тиді, жан дүнием күйзелді. "Біз бәрін бірге бастадық, қалай ажырасамыз?" деген сөздері мені ұзақ уақыт тоқтатты. Бірақ кейін ол үйден жиі кететін болды", – деп еске алды ол.

Соған қарамастан, Мөлдір Мұқан экс-жолдасына қатысты жылы пікірін сақтап қалған. Ол Тұрсынбекті жақсы әке ретінде бағалайтынын айтты. Алайда шешілмеген мәселелер мен түсініспеушіліктердің салдарынан бұл некенің сақталуы мүмкін болмаған. Ақырында, бұл шешім тек екеуіне емес, балаларының болашағына да әсер еткен маңызды қадамға айналған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары