Malim.kz
Қоғам

"Ұлымды "балам" деп айта алмаймын": Әнші Жазира Байырбекова той үстінде жылап қалды (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Танымал әнші Жанболат Ербатыров ұлы Қазбектің үйлену тойында айтқан сөзі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі той барысында ұлын "балам" деп атай алмайтынын айтып, бұл сөз көпшіліктің назарын аударған.

Оның айтуынша, Қазбек бала кезінен әжесінің қолында өсіп, сол кісінің тәрбиесін көрген.

"Қазбекті балам деп айта алмаймын. Ол – апамның баласы. Бір сұхбатта “балам” деп айтып қалып едім, кейін апам ренжіп қала ма деп сол жерін қиып тастауды өтіндім", – деді әнші.

Бұл сәтте Жазира Байырбекова эмоцияға беріліп, көз жасына ерік берген.

Аталған сөздер желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі мұны үлкенге деген құрмет ретінде бағаласа, енді бірі мұндай көзқарасты дұрыс емес деп сынға алған.

Сонымен қатар Жазира Байырбекова ұлының тойынан кейін отбасындағы жылы әрі әсерлі сәттерін бөлісіп, келіні Асылыға қатысты өз ойын білдірді. Өнер иесі үшін келін түсіру ерекше қуаныш сыйлағанын айтып, бұл сәтті ана өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы Жәмила Төлегенова әлеуметтік желіде Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова отбасының болашақ келіндерімен туыстық байланысы туралы түсініктеме берген еді.

Жалпы, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі үлгілі жұптардың бірі. Олар өнер жолын студенттік шақтан бірге бастап, түрлі сынақтардан өтіп, бүгінгі күні халықтың зор ықыласына бөленген. Қос өнер иесі сахнада да, өмірде де үйлесім тапқан жұп ретінде кеңінен танылып отыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары