Шымкент жақында көлік кептелісінен құтылады

Malim Админ

  • 17.03.2021

Шымкентте күн санап адам саны артқан сайын, кептеліс те күшейіп келеді. Сондықтан, алдағы уақытта қаладағы көлік кептелісін шешу үшін көп жұмыстар атқарылуға тиіс. Соның бірі қазір салынып жатқан жолайырық құрылысы.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жолайырық құрылысын тексеріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

– Жол құрылысы саласында қысы-жазы тоқтаусыз қызу жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі ең үлкен маңызды жобалардың бірі – Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы жолайырық. Тоқтаусыз жұмыс нәтижесінде бүгінге дейін 1,92 шақырым су, 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылды. Сондай-ақ, 350 м тоннель қазылып, 220 м тіреу қабырғалары құйылды, 7 дана бағана орнатылып, 106 дана қада құйылды. Жоспарланған меже бойынша Қонаев даңғылын 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге 1 қарашаға дейін ашуымыз керек», – дейді М.Исахов.

Қала әкімінің орынбасары Қонаев даңғылы жалғасының 3-кезеңі туралы да айтты. Оның сөзіне қарағанда, қазір 700 м екі бағытты айналма теміржолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 теміржол электр бағаналарын және 2 дана жерасты жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстары орындалып болған. Қазір уақытша айналма теміржолының 2 бағыты негізгі магистралды теміржолға қосылып, көпір қадаларын құю жұмыстары қызу жүргізіп жатыр.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады