«Алғашқы жұмыс орны» шымкенттік жастарға үлкен мүмкіндік береді

Malim Админ

  • 16.03.2021

Шымкент қаласында «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы басталады. Бұл жоба жұмысқа алғаш орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылмақ. Жоба аясында жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жастар 24 ай бойы жұмыспен қамтылады. Осының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар екі жылдық тәжірибе мен біліктілігін арттырып, ары қарай аяққа тұрып кетуге мүмкіндік алады.

Атамыш жобаға 29 жасқа дейінгі және жұмыссыз жүрген азаматтар, жұмыс өтілімі жоқ жастар қатыса алады. Әзірге бұл бағдарлама бойынша жұмысқа орналасатындардың еңбекақысы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемін құрап отыр. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жұмыспен қамту орталығының тіркелген мекенжай бойынша аудан бөлімшесіне жеке куәлігі мен білімі туралы құжаттық көшірмесін тапсырып, өтінім береді.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы жұмыс беруде көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық берілмек.

Айта кету керек, бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ-бағыты аясында жүзеге асырылып жатыр.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks