Кирилше «Ң ң» деп белгіленіп келген дауыссыз дыбыс жайлы

Malim Админ

  • 07.04.2021

Қазақ тілінің дауысты/дауыссыз дыбыстар құрамында өзге тілдерде кездесе бермейтін бірнеше бірегей дыбыстары бар. Солардың бірі кирилше «Ң ң» болып таңбаланып жүрген дауыссыз дыбыс. Бұл дыбыс дауыс желбезегінің қатысына қарай (дауыс қатысы) үнді дауыссыздардың құрамына, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыздардың құрамына, жасалу орнына қарай     тіл ортасы/тілшік дауыссыздардың құрамына енеді. Артикуляциялық белгілеріне қарай қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарының жіктелім кестесінде өз ұясы бар.

«Ң ң» дауыссыз дыбысының академиялық анықтамасы:

-дауыс қатысына қарай – тербелімді (үнді);

-жасалу тәсіліне қарай – тоғысыңқы;

-жасалу орнына қарай – тіл ортасы/тілшік.

Қазақ тілінде жуан/жіңішке үндесім әуезі жасалу орнына қатысты дауыссыздар тобы бар. «Ңң» дауыссызы осы топқа кіреді: Ққ(-Кк), Ғғ(-Гг) және Ңң(-Ңң). Дауыссыздардың бірінші сыңары тілшік арқылы жасалып жуан әуезді болса, екінші сыңары тіл ортасы арқылы жасалып жіңішке әуезді болады. Мысалы (ауыз әдебиетінен),

Маң, маң, маң басқан, Шудаларын шаң басқан дегендегі «Ңң» жуан әуезді.

Міңгір, міңгір, міңгірлік, Қасқыр бізге бір күндік дегендегі «Ңң» жіңішке әуезді

Сонымен қатар, қазақ тіліндегі бір топ дауыссыздар шеп талғағыш, құрамында «Ңң» да бар. Сөздің бас шебінде кездеспейтін дауыссыздыр: Рр, Лл, Йй, Уу және Ңң.

Бұл дыбыс үнді-европа тілдерінің артикуляциялық базасында жоқ, сондықтан да олардың айтылымына жат болып көрінеді. Көне түрік жазуын алғаш оқыған европалық ғалымдар өздерінің тілдерінде «Ңң» дыбысы жоқ болғандықтан, оны «нг» тіркесімен белгілеуге мәжбүр болды. Өйткені тілінде жоқ дыбыстың әліпби таңбасы да жоқ қой. Мысалы, «тәңірі» сөзінің құрамындағы «Ңң» дыбысын «нг» тіркесімен белгілеп берді. Жол жөнекей тоқтала кетейік, осы сөздің құрамындағы «Әә» дауысты дыбысының да тағдыры осыған ұқсас. Үнді-европа тілдерінде «Әә» дыбысы жоқ, сондықтан оның әліпби таңбасы да жоқ. Көне түрік жазуының европа зерттеушілері «тәңірі» сөзін «тенгри» деп амалдап беріп отыр: «Ңң» дауыссызы «нг» деп, «Әә» дауыстысы «е» деп таңбаланып, бізге «tengri» түрінде жетті. Жазудың тілдің айтылымына ықпалы күшті екендігі белгілі, соның нәтижесінде «tengrinews» телеарнасының атын «eng» тіркесін сақтап айтуға ығысып барамыз, оған қоса «нг» тіркесінің құрамды бөліктерін жеке-жеке «н» және «г» деп те келеміз, «Әә» мен «Ңң» қоса жоғалып бара жатқан тәрізді. Ендеше әлібпи құрастыру барысында ойлану керек болады.

Соңғы «жетілдірілген» әліпби құрамын талқылаған кезде осы «Ңң» дыбысының таңбасы біраз әңгіме болды.

Ғалымдардың бір жағы «бірегей дыбыстың таңбасы да бірегей болу керек» деген ұсыныс айтты. Өйткені үйреншікті «Нн» дыбысының таңбасын қанша икемдеп алғанмен сол «Нн» дыбысын елестетеді де тұрады. Сондықтан латынның өзгешелеу «Ŋŋ» таңбасын алу керек, бірегей таңба бірегей дыбысты меңзеп тұрады. Оның үстіне бұл таңба компьютердің таңба қоржынында дайын тұр.

Ғалымдардың екінші жағы, әсіресе IT-мамандары үйреншікті латынның «Nn» таңбасын диакритикамен «Ññ» деп алуды ұсынады. Олардың уәжі бойынша таңба оңай табылады.

Сонымен егер «Ññ» таңбасын алатын болсақ, онда таңба оқырман санасында үйреншікті «н» дауыссызын шақырады да тұрады, оның үстіне қолжазу екі рет үзіледі. Ал «Ŋŋ» таңбасы өзінің ерекшелігімен бірегей дыбыс бар екенін меңзеп тұрады, қолжазу үзілмей таңбаланады.

Қай таңба дұрыс, шешімді сарапшылардың үлесіне қалдырдық.

Ә.Жүнісбек,
фонетика бөлімінің қызыметкері

Байланысты жаналықтар

Таңбаның тарихи негізі: У мен И

29.05.2021

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

29.05.2021

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

30.04.2021

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЖЕТ

09.04.2021

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»

08.04.2021

Латынға көшу – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

11.03.2021
MalimBlocks
Таңбаның тарихи негізі: У мен И

«Жазу ережелері тақырыпты таластың мықтысы «у» мен «и»-да», -деп жазады ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының алғышқы теоретиктерінің бірі – Омарұлы Елдес .

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

Қазақ жазуы әлемдегі басты әліпби түрлерінің бәрімен де – араб, латын, кирил графикаларымен – жазып көрдік.

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

Бүгін 30 сәуір күні “ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЖЕТ

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»

Латынға көшу – ұлттық қауіпсіздік мәселесі