Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

Бүгін 30 сәуір күні “ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.

Malim Админ

  • 30.04.2021

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ғылыми-практикалық орталығы, сондай-ақ "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесе ұйымдастырған конференцияға 500-ден астам адам қатысты.

Конференцияның мақсаты әліпби реформасының барысын қалың көпшілікке, сарапшы қауымға таныстыру, жүзеге асыру, талдау және түсіндіруге бағытталған болатын.
Конференция модераторы ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба ең алдымен кіріспе сөзді ҚР Білім және ғылым вице-министрі  Шолпан Кариноваға берді. Шолпан Таңатқызы Латын әліпбиіне көшудің маңызын таратып айтып бергеннен кейін, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инситутының ғалымдары сөз алып, жетілдірілген әліпбиді жан-жақты терең талдап, көпшілікке баяндап берді.

 
Мәселен, филология ғылымдарының докторы Айман Алдаш «Әліпби жобалары: Салыстырмалы талдау» атты баяндамасында қазіргі жетілдірілген жоба мен «Ұлттық жоба» аталып жүрген әлібилердің ұқсастығы мен айырмашылығын ашып көрсетті. Атап айтқанда латын таңбаларының толық пайдаланылуы, қазақ тілінің дыбыстық қоры, әріп сан және диакритика саны туралы айтылды.
Ал институттың бас ғылыми қызметкері Құралай Күдеринова «Жаңа әліпбидегі и  мен у әріптері» атты баяндама жасады. Филология ғылымдарының докторы жаңа әліпбидегі и, у әріптерінің неліктен бір таңбамен берілгенін, олардың мәнін салыстырып, дәлелді аргументтер келтірді.

 

Одан кейін сөз алған филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Сейітбекова жаңа әліпбидегі кірме әріптерге тоқталды. Кірме әріптерді әліпби құрамына енгізудің ұстанымдары қандай болатынын атап көрсетті.
Көптің көкейінде жүрген  ономастикалық атаулардың жазылуы туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. Қыздархан Рысберген баяндады. Ресми құжаттардағы қазақ және өзге ұлт аты-жөндерін, еліміздегі елді мекен, жер-су атауларын, шеттілдік атауларды жазу егжей-тегжейлі баяндалды.
 Сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  республикалық институтының әдіскері Айсұлу Мәдиева «Латынграфикалы әліпби жобалары туралы ой» тақырыбында сөз сөйлеп, аталған институттың қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту курсы туралы айтса, «Жас Ұлан» оқушылар үйінің әдіскер-педагогы Айсұлу Қасымбек әліпбидің екі жобасын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталып, жетілдірілген әліпбиді бекітудің кезі келгенін баса айтып өтті. 

Баяндамашылардан кейін жиынға қатысушылардан блиц-сауалнама алынды, оның нәтижесі бойынша көпшілік басым дауыспен әліпбидің бірінші нұсқасын қолдады.
Онлайн конференцияға мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, филологтар мен тілтанушы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, зерттеушілер, баспа қызметкерлері, қазақ тілі мен әдебиеті және басқа пән мұғалімдері, студенттер мен магистранттар, БАҚ, әлеуметтік медиа өкілдері қатысты.

Байланысты жаналықтар

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

15.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024

Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиі әзірленіп жатыр

10.09.2024

Тоқаевтың президент қызметіне кіріскеніне 5 жыл толды. Елімізде қандай өзгерістер болып жатыр

12.06.2024

Адам құқықтарын қорғау бағытында жасалған нақты қадамдар

12.01.2024

Таңбаның тарихи негізі: У мен И

29.05.2021
MalimBlocks
Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі

Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиі әзірленіп жатыр

Тілтанушы ғалымдар «и», «й», «ы», «і» әріптерін белгілеу бойынша апробация жүргізді

Тоқаевтың президент қызметіне кіріскеніне 5 жыл толды. Елімізде қандай өзгерістер болып жатыр

Әрине, қоғам бірінші кезекте саяси реформаларды күтті.

Адам құқықтарын қорғау бағытында жасалған нақты қадамдар

Таңбаның тарихи негізі: У мен И

«Жазу ережелері тақырыпты таластың мықтысы «у» мен «и»-да», -деп жазады ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының алғышқы теоретиктерінің бірі – Омарұлы Елдес .