Қазақстанда латын әліпбиі әлі бекітілген жоқ

Қазақстандық ғалымдар мен мамандар қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша әлі де бірыңғай ұстанымға келе алған жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.
«Бірнеше жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді, латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы пайда болды. Қазіргі уақытта ғылыми топтар, біздің лингвистер, тіл мамандары, филологтар, ғалымдар әлі де ортақ пікірге келген жоқ», — деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Парламенттегі жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тыңдауда.
Министр сонымен бірге латын әліпбиіне көшу едәуір қаржылық шығынды қажет ететінін, сондықтан түпкілікті шешім қабылдауда бұл фактор ескерілетінін атап өтті.
Фото: shutterstock