457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

#Тоқетері. ҚырГүйек.

Жылдың тоғызыншы айы басталғанда тиктоктан бастап, инстаға дейін "қыркүйек деп жазамыз ба, қыргүйек деп жазамыз ба?" деген дау өршіп кетеді.

Аңдасақ, әжуа қылушылар да, қолдаушылар да - бұл даудың неден басталғанынан хабарсыз сияқты.

Біз бұрын-соңды жарық көрген мақалалар ретінде тоқетерін ұсынуды жөн көрдік.

 

«Қыргүйек» нұсқасын қолдаушылардың уәжі

Филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Анар Салқынбай:

  • - Орфографиялық сөздік 2005 жылдан бастап бұзыла бастады. 2005, 2006, 2007, 2009, 2013 жылдары арасына жыл салып, жыл салмай өзгертілген сөздіктердің шығуы бұл біздің әдеби норманы бұзды.
  • - Ғалым Рәбиға Сыздықова айтқан әңгіме бойынша - М. Әуезовтың Қарагөзі қойылған кезде «Қаракөз» деп жазамыз ба, әлде «Қарагөз» бола ма деген мәселе туындапты. Әуезовтың өзі «Қарагөз» деп түзетіпті. Рәбиға Сыздықова сондықтан сөздікке «қыргүйек», «шегара», «көгөніс» деген 3 сөз енгізген.
  • - Біз "қыркүйек" деп айтып-жазуға Кеңес үкіметі кезінде дағдыланып қалғанбыз. Ал араб таңбасымен, төте жазумен оқып келген Қытай қазақтары «қыргүйек» дегенді қабылдай алады. Біз әбден кириллица таңбасымен оқып, жазып үйренгендіктен дұрыс айтуға дағдылана алмай жатырмыз.
  • - Ғалымдар тілдік норманы нақты, жүйелі ұсына алмай отыр.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Құралай Күдеринова:

  • - "Қыргүйек" жаңалық емес еді. 2018 жылы жаңартылған бағдарламамен оқулықтар легі шығарылғанда және латын графикасына негізделген жаңа жазуға көшерде ғана бұл емле білім мекемелерінің өзіне «жаңалық» болып шықты. Оның бірден бір себебі – Қазақстан республикасында емле нормаларының заңдық күші болмауынан. Емле ережелеріне түзетулер енгізілсе де, Емле сөздіктері жарық көріп жатса да, оны басшылыққа алып, сүйеніп отырған ЕЛ болмауынан, сақтауды талап етіп отырған ҚҰЗЫРЛЫ ОРЫН болмауынан.
  • - "Қыргүйек" деп жазу - 90 жылдардан бастап көрініс тапқан - қазақтың сөз сазынының бұзылуына тосқауыл қоямын деген академик Рабиға Сыздықтың қаракеті еді.

Ғалымдардың пікірі осындай. Пікірлер мәселенің тоқетерін айту мақсатында emle.kz және abai.kz сайттарындағы мақалалардан ықшамдалып алынды.

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00