Қазақ тілі аясы тар шектеулі тіл деп танылыпты

IMAGE: ©titus.uni-frankfurt.de
Мұндай мәлімет Ведомости басылымында келтірілген.
Басылымның жазуынша, Ресейде қазір – ұрпақтар сабақтастығы үзіліп қалған 24 тіл оқытылады екен. Яғни, ондай тілде сөйлейтіндер не өліп біткен, не ана тілінде сөйлеуді қойған.
Ал жалпы алғанда 72 тіл оқытылады екен. Оның ішінде Сібір халықтарының сойот тілі сияқты біржола жойылып кеткені де, тофалар тілі сияқты құрудың алдында тұрғаны да бар. Қазақ тілі болса – бурят, лезгин, чуваш тілдерімен қатар "ауылдық жердің аясы шектеулі тілі" деп танылды. Тілдерді бұлайша жіктеген Ресей ғылым академиясы екен.