ҰБТ тапсырып жатқан талапкерлердің 66%-ы қазақ тілін таңдаған

Арман Қайыпхан

  • 26.05.2025

2025 жылғы 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан бері 52 мыңнан астам тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 66%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және 65 адамы ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 62%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 61-ді құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Математика-Физика», 17%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 163 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 55 ереже бұзушылық анықталды. 26 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 29 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

ҰБТ-да 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханға пәтер сыйланды

22.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

Magnum-ға қатысты дауға нүкте қойылды

10.04.2025

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

27.02.2025
MalimBlocks
ҰБТ-да 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханға пәтер сыйланды

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

Magnum-ға қатысты дауға нүкте қойылды

Курьер мен тапсырыс беруші бір-бірімен кездескен.

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты