Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертіледі

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі жаңғыртылады. Өзгерістер 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен енгізіледі, ал 2026 жылға дейін ҰБТ әлі де бұрынғы форматта өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, реформаның мақсаты — ҰБТ-ны халықаралық деңгейде мойындалған сертификатталған тестке айналдыру. Бұл қазақстандық түлектерге әлемнің жетекші университеттеріне жол ашуға мүмкіндік береді.
Емтихан мазмұны да жаңартылмақ: онда тек білім ғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, бейімделгіштік және еңбек нарығында сұранысқа ие басқа да дағдылар бағаланатын болады.
Осы мақсатта қазақстандық мамандар SAT және TOEFL тесттерін жасаған әлемдегі ең ірі компания Educational Testing Service-те оқудан өтуде. ETS-пен бірлесіп жаңа бағалау әдістемесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Фото: Ұлттық тест орталығы