Көпбалалы отбасыларға 106 пәтер берілді

  • 12.04.2021

Биыл жыл соңына дейін Шымкент қаласында мыңға жуық (976) отбасына арендалық пәтер берілмек. Дәл қазіргі таңда жұмыс істейтін жастарға 300 пәтерге тұрғын үй комиссияның шешімі қабылданып, кілттері берілген. 

I-тоқсанда атқарылған жұмыстарына есеп берген Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов сөзін осылай бастады.

«1 сәуірде 161 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі шықты. Бұл ретте жетім балаларға 10 пәтер, көпбалалы отбасыларға 106 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына 45 пәтер беріледі. Комиссияның келесі отырысы мамыр айында өтеді»,- деді басқарма басшысы.  

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 43 906 азамат тұр екен. 2021 жылдың I – тоқсанда 2 796 (әр айда 932) азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген.

2021 жылдың соңына дейін осы кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу жоспарланыпты. Пәтер сатып алуға 22,5 млрд теңге қаржы бөлінген.   

Сондай-ақ, жыл соңына дейін кредиттік негізде 4 197 отбасыны пәтермен қамтылмақ.  

Тұрғын үйлер заң аясында, электронды кезекпен жүзеге асырылып жатыр дейді Азамат Рысжанов.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks