«Еңбек» бағдарламасы 3 айда 5 885 адамды жұмыспен қамтыды

  • 29.04.2021

Бүгін Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушысы Ерман Бекмұратов ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифинг беріп,  жылдың І тоқсанындағы жұмыстарға тоқталды.  

–Биыл халықты жұмыспен қамту бағытында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 885 адамға көмек көрсетілді. Оның 2 430-ы бос жұмыс орындарына, 109-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 568-і жастар практикасына, ал 2 778-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Сондай-ақ, 229 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдауға ие болды, – деді Е.Бекмұратов.

Оның сөзінше, «Жұмыспен қамтудың жол картасымен» 2 бағытта 13 жоба іске асырылып, 392 жұмыс орнын құру жоспарда. Одан бөлек, жыл басынан бері ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген 11 745 азаматқа 240,7 млн теңге көлемінде ай сайынғы және бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілген. Бүгінде мүгедектігі бар адам қажетті құралдар мен қызметтерге өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады. Осының нәтижесінде қалада мүгедектік санатындағы 2 510 азамат 488 445 құралмен (сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдар, протездік-ортопедиялық көмекке және техникалық көмекші құралдарға, т.б.) қамтамасыз етілген.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks