Алматылық өртсөндірушілер қауіпті өртті 1 сағатта тоқтатты

Malim Админ

  • 21.07.2021

Қаланың кетелісінде дабылын қосып алып, жанұшыра жол сұрап кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін көргенде «бір сәби өмірге келейін деп жатқан болар, соған асығып бара жатыр ғой», деп жақсылыққа жоритының бар. Ал, дәл солай асығып-аптығып кетіп бара жатұан өрт сөндірушілер көлігін көргенде, олай дей алмайсың. Олар жайдан жай асығып жүрмейді. Оларға тіпті жедел жәрдемнің өзі жол береді. Полиция көлігі де шетке ығысады. Өйткені, өрттің артында қаншама адамның өмірі тұруы мүмкін. Ең бастысы, өртті дер кезінде ауыздықтамаса, оның таралу аймағы өсіп кетсе, онда жағдай ушығыпк етуі мүмкін. Сол үшін де өрт сөндірушілер қашан да қауіпті жағдайға дайын тұрады.

Алматы қаласының өрт сөндірушілері осындай қауіпті өрттің бетін қайтарды. Бұл өрт сөндіруші бригаданың дер кезінде қимылдауы мен өрт ошағына барғанда қабылдаған жедел әрі дұрыс шешімінің арқасы.

Өрт шыққаны туралы 21 шілде күні сағат 11:33-те хабарлама келіп түскен. Өрт ошағы Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Райымбек даңғылы 548/2 мекен-жайында екенін қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне хабарлаған. Бұл өрттің қауіптілігі сол – дәл жанында өртеніп кетуі мүмкін бокстар бар еді.Осыны ескеріп, едел-жедел қимылдаған бригада алдымен бір қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатқанын анықтайды. Бірінші бөлім жағдайдың ушығуы мүмкін екенін кқрген соң, өрт сөндіру күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша тартылуы керек екенін ескертеді. Сосын бірден өрт орнында штаб құрылып, батыс және оңтүстік-шығыс жағынан екі өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылады. Дәл осы аймақта су көздерінің аз болуына байланысты, суды алыстан тартуға тура келген. Өрт сөндірушілер өздері «поезд» деп атап кеткен, арырақтан тартқан магистаралды желі арқылы оқпандармен үздіксіз су беруге мәжбүр болған. Ал, мұндайда өрттің бетін ашу үлкен маңызға ие. Жанып жатқан шатырды ашу үшін  екі өрт автосатысы іске қосылып, өрт сөндірушілер түрлі құрал-саймандарды пайдалана отырып, шатырдың құрылымын бұзады. Бірақ, шатыр көп қабатты еді,  бетон плитасының үстіне битум мастикасы,оның үстіне металло-шифер төселгедіктен, өрт сөндіру жұмыстары күрделене түскен. Дегенмен, оқиға орнына жылдам жеткен өр сөндірушілер көп ұзамай, өртті тоқтатты.

«Атқарылған шаралармен өрт 12:39-да ауыздықталып, 12:47-де сөндірілді, жақын орналасқан екі боксқа өрттің таралуына жол берілген жоқ. Қазір құрылымдарды бөлшектеу және төгу жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіруге 12 бірлік техника, жеке құрамнан 40 адам жұмылдырылды. Қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Егер, 11:33-те қоңырау келіп түскенін ескерсек, өрт сөндірушілердің шамамен бір сағат көлемінде өртті ауыздықтағанын байқауға болады. Осыған қарап-ақ, бұл мамандық иелерінің қаншалықты жылдамдықпен жұмыс істейтінін аңғаруға болады.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады