Маңғыстаулық әскерлер 100 пайыз сабақпен қамтамасыз етіледі

  • 19.08.2021

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен арнайы барды. Бұл аймақ жалпы Қазақстанның қорғаныс саласында үлкен орны бар маңызды аймақ. Бұл аймақтың ең бір ерекшелігі Каспий теңізі арқылы бірнеше мемлекетпен шектесіп жатуында. Демек, шекаралық аймақ ретінде де бұл өңірдегі әскери базалар мен теңіз күштері, әуе күштерінің маңызы зор есептеледі.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев өңірге барғанда негізінен әуе кеңістігін қорғау қызметімен, теңіз жаяу әскерлері мен арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің және әскери теңізшілердің жауынгерлік даярлығымен танысып, арнайы тексеру жұмыстарын жүргізді. Ол сондай-ақ осы әскери дайындықтар өтетін оқу-жаттығу алаңдары мен полигондарды да аралап шықты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтау әуе базасында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы майдан авиациясы жойғыштарының кезекшілік атқару тәртібі, инфрақұрылымның жай-күйі мен әскери бөлімдегі объектілердің күзеті жөнінде баяндады. Қорғаныс ведомствосының басшысы полигондарда бағынысты әскерлердің жауынгерлік оқуын ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды тыңдады. Қорғаныс министрі соңғы уақыттағы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, енгізіліп жатқан жаңа іс-қимылдың тәсілдері мен тактикалық әдістерінің сапасын тексерді», - деп хабарлайды министрлік өкілдері.

Министр өңірді аралау барысында жергілікті қорғаныс мамандарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде қазіргі таңда жеке құрам әскерлерінің біліктілігі мен заманауи білімін жетілдіруге ерекше мән беру керек екені айтылды. Осы мақсатта министрдің тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта жеке құрам сарбаздары 100% сабақтармен қамтуды және жауынгерлік даярлық үрдісін үздіксіз жетілдіріп отыратын болады. Ведомство басшысы бұл шараларды жеделдете қолға алу керек екенін айтты.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады