Отыз жылдықтың рақымшылығына кімдер ілігеді?

Айшолпан КЕРІМ

  • 07.09.2021

ҚАЖ комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобын түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Парламент Мәжілісі Депутаттары “ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасын қарауға кірісті. Қарастырылып отырған құжатта алғаш рет әлеуметтік жағынан осал адамдар ұғымы енгізілді. Заң жобасында қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған сотталғандарды жазадан босату ұсынылады”, - делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ, комитет Тәуелсіздіктің отыз жылдығы аясында жасалатын рақымшылық қай азаматтарға жасалмайтынын айтты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына рақымшылық жасау кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағандарға, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қатысты қолданылмайды. Яғни, ҚАЖ комитетінің түсіндірмесіне қарағанда "Шаңырақ оқиғасы" бойынша 18 жылға сотталған Арон Едігеев рақымшылыққа ілінбейді. Өйткені ол кісі өлтіру бабына қатысты сотталған еді. Дегенмен, мәжілістің бір топ депутаттары және зиялы қауымның кейбірі Арон Атабекке рақымшылық жасайтын кез келді деп отыр.

ҚАЖ комитетінде отыз жыл ішінде Қазақстанда 8 рақымшылық жасалған, соңғы төрт рақымшылық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндеріне орайластырылған.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады