Димаш туған күн - аяулы күн

Malim Админ

  • 24.05.2020

Бүгін есімі әлемгі әйгілі қазақ әншісі Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ туған күні. Әнші инстаграм желісінде ата-анасын құттықтады.

«Сонымен менің 26-туған күнім келіп жетті. Ата-анамды осы күнмен құттықтаймын», - деп жазды әнші.

Миллиондаған әншінің жанкүйерлері өз құттықтауларын жазды. Олардың арасында Анита ЦОЙ, Александр СЕРОВ сынды орыс эстрадасының өкілдері бар.

Димаш ҚАНАТҰЛЫ 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Әнші АҚШ, Англия, Қытай, Латвия, Украина, Ресей сынды әлем елдерінде қз концертін өткізді. Ән альбомдары ағылшын және қытай тілдерінде шыққан. Көптеген халықаралық марапаттардың иегері. Дүниежүзіне танымал француз әншісі Лара ФАБИАННЫҢ өзі Димашқа дуэт орындауға ұсыныс айтып, оларға сахнаға қатар шыққан еді.

Сондай-ақ, Димаш кез-келген әлем сахнасында ұлттық музыканы һәм домбыраны насихаттап жүреді. Халықаралық арнеда ағылшын тілі мен қатар мемлекеттік тілде сөйлейді. Азаматтық позициясын да танытады. Мәселен Қытайдағы аз ұлттарға жасалып жатқан қысымға қатысты өз ойын бүкпеді.

«Олар "жаным қазақ" деп соғатын өзіміздің адамдарымыз және ол кісілердің тағдыры біз үшін ешқашан да қызықсыз болып қалмайды. Енді, сөздің шыны керек, қолымнан келсе, бәрін берер едім. Бірақ мен халықаралық дәрежедегі дипломат емеспін. Менің қолымнан тек ән айту ғана келеді. Мен тек әншімін. Қазір мен өзімді тек әнші есебінде көріп, бұл мәселе бойынша алаңдамай жатыр деп ойламаңыздар. Менің де жүрегіме ауыр тиді. Мен де барынша бұл сұрақтың тезірек шешілгенін қалаймын. Бірақ мен саясаттағы үлкен тұлға емеспін, мен әншімін», - деген еді Димаш Құдайберген.

Мәлім кз сайтының ұжымы Димаш Қанатұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр тілейді.

Фото: twitter.com

Байланысты жаналықтар

Әншілер мемлекеттік концерттен қанша қаламақы алады

22.06.2023

Мұхтар Мағауин. Қазақтың қырғыз руы

20.07.2021

Әншілер Түркияға көшсе не бопты?

02.06.2021

Шындықты айту да өнер!

01.05.2021

Димаш Джо Байден инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады

05.01.2021
MalimBlocks
Әншілер мемлекеттік концерттен қанша қаламақы алады

Димаш Құдайберген, Роза Рымбаева, Әли Оқапов және басқа да әншілердің мемлекет ұйымдастыратын  концерттерге қатысуы үшін алатын қаламақысының мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды КазТАГ агентігінің тілшісі.

Мұхтар Мағауин. Қазақтың қырғыз руы

Тарихи дәйектеме

Әншілер Түркияға көшсе не бопты?

Шындықты айту да өнер!

Димаш Джо Байден инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады