Malim.kz
Саясат

700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр

Берік Дәулетов

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін 700-ден астам шетелдік журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

700-ден астам шетелдік және 200-ден астам қазақстандық журналист ШЫҰ саммитінен хабар таратып жатыр. Әлем назарын аударған шараға еуропалық БАҚ үлкен қызығушылық танытты, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салсақ, бүгін Астанада ШЫҰ саммиті басталды.

Фото: Ақорда

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары