Астанада ШЫҰ саммиті басталды

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтуде.

Берік Дәулетов

  • 04.07.2024

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды Malim.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның Мемлекет пен Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысуда.

Саммитке сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылған.

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтуде.

ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Астана декларациясы, 20 шешім, Мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданбақ. Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және оған Ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тарихи шешім де бүгін жүзеге аспақ.

Жалпы, Мемлекет басшылары Ұйымның көпжоспарлы ынтымақтастығын, оның перспективаларын одан әрі нығайтуға және өзекті халықаралық және өңірлік проблемаларды шешуге ықпал ететін көптеген мәселені қарастырады.

«ШЫҰ+» кездесуі «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы» тақырыбында кеңейтілген форматта өтеді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Елордада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

08.07.2024

Терроризмді насихаттаған елорда тұрғыны сотталды

08.07.2024

Астанада биологиядан IBO-2024 халықаралық олимпиадасы басталады

07.07.2024

Астанадағы Еурокоптер зауытының қазандығы жарылған (ВИДЕО)

07.07.2024

Астанада ат спортынан қалалық жарыс басталды

07.07.2024

Астанада газ-ауа қоспасының тарсылы естілді

07.07.2024
MalimBlocks
Елордада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі.

Терроризмді насихаттаған елорда тұрғыны сотталды

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанада биологиядан IBO-2024 халықаралық олимпиадасы басталады

Оған әлемнің әр қиырынан 305 биолог қатысады

Астанадағы Еурокоптер зауытының қазандығы жарылған (ВИДЕО)

Ол тікұшақ жинау және жөндеумен айналысатын мекеме

Астанада ат спортынан қалалық жарыс басталды

Жарыстың жүлде қоры – 12 млн теңге

Астанада газ-ауа қоспасының тарсылы естілді

Қалада қазандық өртенгені анықталды