Белгілі әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы оның қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әдемі Instagram желісінде әкесімен бірге түскен фотосын жариялап, референдумға қатысқанын жазды.
"Мен дауыс бердім. Елім үшін таңдау жасадым. Референдумға бардым. Астана", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жарияланған фотоға түрлі пікір қалдырып, азаматтық белсенділік танытқан өнер иесінің отбасына қолдау білдірді.
Айта кетейік, Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов – қазақстандық танымал сатира комигі, актер және "Әзіл Әлемі" әзіл-сықақ театрының директоры. Ол 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы Ақпәтер ауылында дүниеге келген.
Өнер иесі еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастаған. Кейін КВН ойындары арқылы танылып, "Казахи" командасының құрамында халықаралық КВН одағының жоғарғы лигасында вице-чемпион атанды.
2015 жылы Тұрсынбек Қабатовқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Бүгінде ол қазақ эстрадасы мен әзіл өнеріндегі танымал тұлғалардың бірі саналады.
Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан қыздары Әдеміні әуежайдан бірге күтіп алған видеосы тараған еді. Сондай-ақ Тұрсынбек Қабатов өзінің қызын 8 наурыз мерекесімен ерекше құттықтағанын да жаздық.