freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Нағыз әке": Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қыздарын ерекше құттықтап, жұрттың ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Қоғам
"Нағыз әке": Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қыздарын ерекше құттықтап, жұрттың ықыласына бөленді (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің қызын 8 наурыз мерекесімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әзілкештің қызы Айым Тұрсынбекқызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында әкесімен бірге түскен видеосын жариялады. Аталмыш видеодан Тұрсынбектің қызына мерекге орай гүл шоқтарын бергенін көруге болады. Сондай-ақ ол өзінің қызын ерекше тілде еркелетіп, бетінен сүйді.

"Рақмет, әке! Қандай керемет?!" – деп алғысын жеткізді қызы.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан қыздары Әдеміні әуежайдан бірге күтіп алған видеосы тараған еді.

Бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ажырасу туралы алғаш рет ашық айтып, бұл шешімнің қалай қабылданғанын баяндаған еді. Ол бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бөлісті. Айтуынша, отбасын сақтап қалу үшін ұзақ жылдар бойы бар күшін салғанымен, ақыры ажырасуға мәжбүр болған.

Мөлдір Мұқанның сөзінше, олардың некесінің ұзақ уақытқа созылуына басты себеп – үміттің үзілмегені.

"Он төрт жыл бірге өмір сүруіміздің себебі – үміттің үзілмеуі. Бес балам бар, сондықтан отбасымның бұзылғанын қаламадым. Бір күні Тұрсынбектен "Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?" деген смс келді. Ол бірінші қадамды мен жасағанымды қалағандай болды. Мен оны бес саусағымдай білемін. Сөйтіп, бірінші болып арыз жазуға тура келді", – деді ол.

Продюсердің айтуынша, уақыт өте келе олардың арасындағы қарым-қатынас салқындап, үнсіздік көбейе бастаған.

"Маған өте ауыр тиді. Жүрегім қан жылады. Сол кезде ол "Біз қалай ажырасамыз, бәрін бірге жасадық қой" деді. Басында осы сөздер мені ұстап қалатын. Бірақ кейін ол үйден жиі кетіп қалатын болды", – деп еске алды ол.

Соған қарамастан, Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайына қатысты жылы пікір білдіріп, оның балаларға қамқор әке екенін атап өтті. Дегенмен ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік уақыт өте шешілмеген.

"Тұрсынбек – жақсы әке. Бірақ мен өзімді күйеуі бар адаммын ба, жоқпын ба – соны түсінбей қалдым. Бұл тек біздің тағдырымыз емес, балаларымыздың өміріне де әсер етті. Сол себепті осындай шешім қабылдауға тура келді", – деді продюсер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу