Malim.kz
Қоғам

"Кедергі келтіріп жатырсыз". Қорғаныс министрінің орынбасары журналисті итеріп өтіп кетпек болды

• Арман Қайыпхан

Қорғаныс министрінің орынбасары журналисті итеріп өтіп кетпек болды, деп хабарлайды Malim.kz Tiek телеграм арнасына сілтеме жасап.

"Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев сұрақ қоймақ болған Tiek бас редакторы Бақытнұр Әлібайды итеріп, өтіп кетпек болды. Журналист әскерге күштеп алып кету туралы сұрамақ еді", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде әскерге шақырылушыларды көшеден күштеп әкетіп жатқандардың видеосы тараған еді.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары