Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты

malim Авторы: malim
09.02.2021
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан халқы ассамблеясы Жансейіт Түймебаевтың әлі ҚазҰУ ректоры болмағанын, әлі де ассамблея төрағасы орынбасары екенін айтып, оның әжетхана сатып алу туралы тендерге қатысы жоқтығын мәлімдеді.

“Жансейіт Қансейітұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне ресми түрде әлі кіріскен жоқ. 5 ақпан күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен өткен Республикалық комиссия кандидатурасын таңдағаны, бекіткені рас. Бірақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметке кірісу туралы бұйрығы әзірге шыққан жоқ. Сол себепті Жансейіт Қансейітұлының 5 ақпанда жарияланған мемлекеттік сатып алу шартына қатысы жоқтығын назарларыңызға саламыз”, – дейді ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы “Қоғамдық келісім” республикалық мемлекеттік мекемесінің қоғаммен байланыс және ақпараттық жұмыс басқармасының жетекшісі Қаншайым Байдәулет Facebook-тегі парақшасында.

Кеше orda.kz сайты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әрқайсының құны 11 миллион теңгеден асатын 2 биодәретхана сатып алып орнатпақ екенін жазған. Бұл мәселеге назар аударған malim.kz сайты ұлттық университет мемлекеттік сатып алулар порталына биодәретхана сатып алатыны туралы хабарландыруды 5 ақпан күні кешкі сағат 20:05-те ілгенін жазған. Ал бұл уақытта қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жоғары оқу орындарындағы ректорлық лауазымға кандидаттарды анықтайтын Республикалық комиссияның отырысы өтіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болып Жансейіт Түймебаев сайланғанын әлеуметтік желіде жария еткен.  Яғни ұлттық университет жаңа ректор сайлана салысымен мемлекеттік сатып алулар порталына 22 миллион теңгеге дәретхана сатып алатыны жайлы хабарландыру ілген.

Жансейіт Түймебаевтың 5 ақпан күні Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болғанын  malim.kz, tengrinews.kz, vlast.kz, kapital.kz, orda.kz, inform.kz, тағы басқа бірқатар сайттар жарыса жазған. Қазақстан халықтар ассамблеясы сол уақытта  Жансейіт Түймебаевтың оқу ордасына әлі ректор болып бармағанын, әлі де ассамблеяда істейтінін хабарламаған, журналистерді түзетпеген. Ал кеше 22 миллион теңгенің әжетханалары туралы дау көтерілген соң бірден Түймебаевтың ҚазҰУ-ға әлі ректор болмағанын айтып, әлі ассамблеяда жұмыс істейтінін айтып шыға келді.

Tags: Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыптыәл-Фараби атындағы ҚазҰУ әжетханаәл-Фараби атындағы ҚазҰУ дәретхана тендерЖансейіт ТүймебаевЖансейіт Түймебаев әл-фараби атындағы ҚазҰУЖансейіт Түймебаев ҚазҰУ әжетханаЖансейіт Түймебаев ҚазҰУ әжетхана дауыЖансейіт Түймебаев ҚазҰУ ректорыҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаев

Ұқсас жазбалар

Қытай Қазақстан аумағына зауыт салатын болды

Авторы: malim
04.03.2021
0

Қытай Қазақстан аумағына жалпы құны 24,5 миллиард доллар болатын 56 кәсіпорын салмақ. ҚР Сауда және индустрия министрлігінің ресми сайтында жарияланған...

Саяси дағдарыс: Президент премьердің бұйырығына қол қоюдан бас тартты

Авторы: malim
03.03.2021
0

Наурыздың 2-і күні Армения президенті Армен Саркисян премьер-министр Никол Пашинянның «бас штаб басшысы Оник Гаспарянды қызметінен босату жөніндегі» бұйырығына қол...

Көлгіновтің кабинетіне барған аналарды полиция алып кетті

Авторы: malim
02.03.2021
0

Алтай Көлгіновтың кабинетіне барған төрт ананы полиция алып кетті. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде тоғыз күннен бері түнеп жатқан төрт ананы полиция...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ауыл партиясы: Футболға кеткен қайран ақша

16.11.2020

Ертісбаевтың сұхбаты. Тоқаев, Әблязов және Мамай жайлы

04.06.2020
Көрнекі сурет: kakprosto.ru

Оқуға әділетсіз түскен бала талапты баланың жолын кеседі – қоғам белсенділері

24.06.2020

Шавхат Мирзиеев: Қазақ бауырларымыздың алдында ұяттымыз

05.05.2020

Абай. Байлар жүр жиған малын қорғалатып…

06.01.2021
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!