Түймебаевтың ұлын атып өлтірген сарбаз сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Елнар Қансейіттің ісі бойынша әскери қызметкер алты жарым жылға сотталды.

Malim Админ

  • 04.07.2023

Қаңтар оқиғасы кезінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіт әскерилердің оғынан қаза тапқан еді. Бүгін Алматы гарнизонының әскери соты Талдықорғандағы N18404 әскери бөлімінің аға сержанты 33 жастағы Серікбол Мұратхановты «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша алты жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Серікбол Мұратхан соңғы сөзінде қару атпағанын, жазықсыз екенін тағы қайталаған.

Ресми мәлімет бойынша, Қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапқан. Олардың көбі 2022 жылы 6 қаңтарда Алматының Республика алаңында әскерилер оғынан өлген деп айтылады. Марқұмдардың туыстары олардың өлімі әлі ашылмағанын айтқан.

Фото ғаламтордан алынды 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

27.07.2023

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

20.07.2023

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

18.07.2023

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

13.07.2023

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

11.07.2023
MalimBlocks
Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

ҰҚК-інің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинді терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосты,- деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында.

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.