Түймебаевтың әжетханасы қанша миллион тұрады?

Malim Админ

  • 08.02.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әрқайсысының құны 11 миллион теңгеден асатын 2 биоәжетхана сатып алып орнатпақ. Қызығы, ұлттық университет мемлекеттік сатып алулар порталына биоәжетхана сатып алатыны туралы хабарландыруды оқу орнына Жансейіт Түймебаев ректор болып келе салысымен ілген.

Ұлттық университеттің жаңа ректор сайлана салысымен мемлекеттік сатып алулар порталына аталған хабарландыру ілгенін ең алдымен orda.kz сайты байқап, мақала жазған.  Біз әріптестеріміз жазған хабарландыруды мемлекеттік сатып алулар порталынан тауып, қарап шықтық. Расында да, хабарландыру 5 ақпан күні кешкі сағат 20:05-те іліпті. Бұл уақытта жоғары оқу орындарындағы ректорлық лауазымға кандидаттарды анықтайтын Республикалық комиссияның отырысы өтіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болып Жансейіт Түймебаев сайланғаны хабарланған.

Ал енді Қазақ Ұлттық университеті алғалы жатқан биоәжеттхана модулінде санитарлық-тұрмыстық техникадан жасалған екі жуғыш,  кем дегенде 1 дана жылытуға арналған желдеткіш жылытқыш пен 3 конвектор , екі айна, кем дегенде 9 жарықдиодты шам,  сыртқы жарықтандыруға арналған жарықдиодты прожектор,  киімге арналған кемі 10 ілмек, резервуарларға құюды бақылау жүйесі, т.б. құрылғылар болуы тиіс.

Malim.kz  мемлекеттік органдар осыған ұқсас биоәжетханаларға қанша ақша жұмсайтынын зерттеп көрді. Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігі жақында мемлекеттік сатып алулар порталына осыған ұқсас биодәретхананы 7 142 857 теңгеге сатып алу туралы хабарландыру ілген.

Еліміздегі орта мектептер багы 24 литр, ең жоғарғы жүктемесі 120 кг кем емес шағын биотуалет кабиналарын 117 мыңға алып жүр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының білім басқармасы осындай екі биоәжетхана кабиналарын алған. Әрине, бұл биоәжетхананың техникалық ерекшелігін ҚазҰУ сатып алмақ болып отырған дәретхана модуль-павильонымен салыстыруға келмейді.

Былтыр Алматы әкімдігінің туризм басқармасы 178 571 428 теңгеге қалада 20 әжетхана орнату бойынша тендер жариялаған.

Ал Алматы облысы Кеген ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі  93 750 000 теңгеге Көлсайда 7 дәретхана модулін орнататыны хабарланған.  Сонда Көлсай-Қайыңды көлдерінің аумағына орнатылатын әр әжетхана модулі орташа есеппен 15 миллион теңгеге айналған.

ҚазҰУ жариялаған биодәретхана сатып алу мен орнату аукционына құжаттар 15 ақпаннан 3 наурызға дейін қабылданады.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты

12.02.2021

178 миллионға 20 дәретхана салынбақ

04.08.2020

Түймебаев бәрібір ректор болды

10.02.2021

Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты

09.02.2021
MalimBlocks
Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты

178 миллионға 20 дәретхана салынбақ

Түймебаев бәрібір ректор болды

Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты