Франция сарайлары: Жеке аралы мен алып поместьесі бар қазақ байы

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 15.04.2021

Бюджеттің 9 миллиард доллары құйылып, ақыр соңында жоқ болған «Казкоммерцбанк» иелерінің бірі Нұржан Сұбханбердиннің шетелде қандай дүние мүлкі бар екені белгілі болды. Сәуірдің 15-і күні «Выход к морю» телеграм каналы қазақстандық миллиардер Нұржан Сұбханбердинге тиесілі және бұрын иелігінде болған жылжымайтын мүліктер жөнінде журналисттік зерттеу жариялады.

НҰРЖАН СҰБХАНБЕРДИН ДЕГЕН КІМ?

2017 жылы Қазақстанды дүр сілкіндірген дау шықты. Германияның  «Süddeutsche Zeitung» газетінің иелігіне Бермуд аралдарының «Appleby» заңгерлік фирмасына тиесілі 6,8 миллион құпия құжат түскен. Олар бұл құжаттармен Журналистік зерттеулер халықаралық консорциумы мен Жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстық топтарды зерттеу орталығымен бөліскен. Құжаттарда әлем бойынша көптеген офшорлық фирмалар мен холдингтердің заңнан жасырмақ болған деректері көрсетілген. Олардың арасында Нұржан Сұбханбердиннің де аты бар.

Бұған дейін қазақстандықтар "Meridian Capital" компаниясының акционерлері ішінде Асқар Алшынбаев пен Евгений Фельдті ғана таныса, құжаттар жарияланғаннан кейін олардың саны бірнеше елге танымал адамдардың есімімен толықты. Атап айтқанда, жақында ғана «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылығынан кеткен Сауат Мыңбаев, «Казкоммерцбанк» басқарма төрағасы Нина Жүсіпова және дәл осы банктің директорлар кеңесінің басшысы Нұржан Сұбханбердиннің «Meridian Capital»-дың бенифицарларының қатарында бар екені белгілі болды. 2015 жылы Сұбханбердин тікелей және Орталық Азия инвестициялық компаниясы арқылы "Казкоммерцбанк"-тің 37 пайыз акциясына иелік еткен. 2017 жылы ол өз үлесін толықтайдерлік Кеңес Рақышевқа сатқан. Журанлистік зерттеу жарияланғаннан кейін бір жыл өткенде банк (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы мен күйеубаласы) Динара Құлыбаева мен Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі «Халық Банк»-тің басқаруына берілді. «Казкоммерцбанкке» «Meridian Capital»-дың өте үлкен көлемі тиесілі болған. «Meridian Capital» тобы офшорлық фирмалар тізбегін пайдалану арқылы, көптеген жобаларды қаржыландыруда дәл осы банкті пайдаланған. «Meridian Capital» акционерлері арасында Азат Әбішев есімді адам да бар. Ол Сұбханбердиннің әйелі Жанар Әбішеваның туысы болуы мүмкін.

«Meridian Capital» тобы Қазақстанда ғана емес, Ресей, Солтүстік Америка, Азия, Еуропа және Австралияда жұмыс істеген. «Meridian Capital» сәтсіз жобаларын «Казкомерцбанк»-тің балансына жазып отырған. Ал банк несиесін кешірген фирмалардың басым көпшілігінің «Meridian Capital»-мен қатысы болған. Осындай түсінікті де түсініксіз жасалған қадамдардан кейін «Казкомерцбанкке» мемлекет көмегін алған. 2010 жылы банкке мемлекет бюджетінен 1,4 миллиард доллар қаржы құйылған. Арада бір жыл өткенде бұл сомма бірнеше рет өсіп, «Казком» тағы да 7,5 миллиард доллар қаржы алған. Бірақ жоғарыда айтылғандай, банк осынша қаржының құйылғанына қарамастан «Халық Банк»-тің иелігіне өткен.

Нұржан Сұбханбердин мен Нина Жүсіпованың «Орталық Азия инвестициялық компаниясы» 2018 жылдан бері аудиторлық есеп жасамаған. 2019 жылы Сұбханбердин мен Жүсіпованың иелігінде «ИнКо Компаний»(Сұбханбердин 32,92%, Жүсіпова 67,08%)  ЖШС сауда фирмасы және оған еншілес ЖШС «Мұнай Сервис» компаниясы, «Время» (Сұбханбердин 41,8%)  және «Панорама» (Сұбханбердин 40%) газеттері болған. Асқар Алшынбаев пен Евгений Фельд «Meridian Capital» әлі күнге дейін басқарады. Компания кеңсесі Гонконг, Мәскеу және Амстердам қалаларында бар.

Оқи отырыңыздар: Лондон сарайлары: Қазақ байы қызына бір жылда үш пәтер сыйлаған

Нұржан Сұбханбердин «Казкиммерцбанк» «Халық Банкке» жұтылып кеткеннен кейін, 2019 жылы Нью-Йорк орталығында орналасқан аумағы 440 шаршы метр болатын екі бірдей пәтерін сатқан. Ол бірінші пәтерін 8,65 млн долларға, ал екіншісін 7, 25 млн долларға алған. Екі пәтерде 75 қабатта орналасқан. Қос пәтер 20,4 миллионға сатылған.

АУМАҒЫ АТ ШАПТЫРЫМ ЗӘУЛІМ ҮЙ МЕН АРАЛ

Нұржан Сұбханбердиннің шетелдегі мүлкі Нью-Йоркпен бітпейді. Ол Францияның әлемге әйгілі Ницца мен Монако қалаларының ортасында орналасқан Эз шаһарынан 1 шақырым жағалау мен 30 шаршы метр аумақты алып жатқан поместьеге ие. Бұл шамамен Ватикан алаңымен пара-пар жер. Поместье аумағына жасанды арал, екі бірдей зәулім үй бірнеше жаға жай және бассейін бар. Бұндай жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасы шамамен 40-50 миллион еуро болады...

 

Байланысты жаналықтар

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

26.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

24.04.2024

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

24.04.2024

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

23.04.2024
MalimBlocks
Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Бұл айда елімізде үш мереке тойланады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Онда мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 4 011 адам (29,6%), Өзбекстан — 1 577 адам (11,6%), Үндістан — 1 187 адам (8,7%), Түркия — 1 058 адам (7,8%).

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда.