Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Malim Админ

  • 24.04.2024

Синоптиктер ертең, 25 сәуірде елдің көп бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысында шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, дауыл. Күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, найзағай кезінде 15-20 м/с екпінді жел күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыста кей уақыттарда найзағай, дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

21.05.2025

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

21.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

20 мамырдағы ауа райы болжамы

19.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
MalimBlocks
Дженнифер Лопес Алматыға келеді

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

20 мамырдағы ауа райы болжамы

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді